Екі мәтінді оқып, мәтіндердің стилі, тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңыз. 1-мәтін.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Міне, менің ойым осы!
2-мәтін.
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Сонымен қатар бұл тақырыпты өз жырына қоспаған ақын кемде-кем. Сондай тақырыпты айналып өте алмаған ақындардың бірі – Сәкен Сейфуллин. Ақынның көңіл күй лирикаларының ішінде 1926 жылы жазылған «Сыр сандық» атты өлеңі көрнекті орын алады. Ол өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған. Адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен бұл шығармада ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайды. Екінің бірі сол құздың басына шығып, сыр сандықты аша алмайды. Оны жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алмақ. Сыр сандығын ашып, адам жанының сым пернесін басқанда ғана дос көңілі, сыры шертіледі. Адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың ара жігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлайды.
билмедим сен нешинши сыныпта окисын??