Екі дос болыпты. Екеуі егіншілікпен айналысады. Олардың біреуінің бала- шағасы бар еді. Ал екіншісі үйленбеген еді. Олар күнде жинаған өнімді бірдей етіп екіге бөледі. Осылай күндер өтіп жатты. Бір күні үйленбеген досы: -Өнімді бірдей бөлеміз.Бұл дұрыс емес. Мен жалғызбын.Ал досымның бала-шағасы бар, сондықтан оған өнімнің бір бөлігін беруім керек,- депойлайды. Күн сайын түнде өзінің бидайын досының қоймасына апарады. Ал бала-шағасы бар досы былай ойлайды: -Менің істегенім дұрыс емес.Өнімнің көп бөлігін досыма беруім керек. Менің балаларым бар солар асырайды.Ал досымның ешкімі жоқ. Осылайша ол да өзінің бидайын досының қоймасына апарады. Күнде осылай істейді. Күндер өтеді,айлар өтті. Екеуі бір нәрсеге таң қалып жүреді, өйткені екеуінің де қоймасындағы бидай мүлдем азаймайды. Бір күні түнде екеуі жолда кездеседі. Фол кезде болған жағдайды түсінеді.Екеуі бидайды жерге қойды да, бір-бірін құшақтады. Мәтіннің негізгі ойын табыңыз: * OБала-шағадан артылғанын біреуге бере білу. Көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қол ұшын беру, ОЕгіншілікпен айналысудың берекеті. өзіңді ғана емес, өзгені де ойлау. һ