Егер жануарлар организмінде лизин жетіспейтін болса, оның денесінің өсуі тоқтайды. Құрмалас сөйлемнің түрі: а) мезгіл бағыныңқылы сабақтас; ә) себеп бағыныңқылы сабақтас; б) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас; в) шартты бағыныңқылы сабақтас; г) қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас. 2. -са, -се формалы қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем: а) Картоп геніне сарышаян генін қосса, ешқандай жәндік жемей- тін (колорад қоңызынан зардап шекпейтін) картоп түрі алынады. ә) Азық құрамында ГМО болса, өндірушілеріне өте көп табыс әкеледі. б) Құрамында ГМО бар жемістердің пішіні, түрі әдемі болса да, дәмі, иісі бастапқыдан өзгеше. в) АҚШ халқы ГМО бар өнімдерді еркін қолданса, ал Швеция тұрғындары мүлдем тұтынбайды. г) Сыртқы пішіні әдемі және үлкен алмалар сатып алсам, құра- мында ГМО бар деп шешем ұнатпайды,