Егер үстелде ұзақ уақыт бойы бүкірейіп, бір қалыппен отыратын болсаңыз арқа бұлшықеттеріне салмақ түседі. Қан айналымы баяулайды. Кейде дене ісінуі де мүмкін. Арқа бұлшықетіңіз зардап шегуі мүмкін. Неліктен бұлай десеңіз: өйткені бүкірейіп отырғанда бұлшықеттер жұлыннан омыртқаға өтетін жүйке жүйесін қысады, ауыртып, сезімталдылықты жояды.