"Жазушы айтқысы келген ойын айтпауы қажет, жазуы тиіс" деген екен Эрнест Хемингуэй. Шынымен де, жазушылар көзбен көрген, құлақпен естіп, көкейге түйген нәрсесін ауызбен айтып қана тынбай, сол тақырыпта қаламын ұштайды. Үлкен ойды, негізгі идеяны өрнектелген сөздермен көпшілікке жеткізеді. Бұған дейін қазақ даласында бірталай жазушылар болды. Сүт бетіндегі қаймақтары: М.Әуезов, І.Есенберлин, Ә.Нұршайықов, Ә.Нұрпейісов, С.Мұқанов, Т.Ахтанов, Ж.Аймауытов, Т.Әлімқұлов және т.б. Қазақ жазушылары қатары бұнымен тоқтап қалмақ емес.
Егер мен жазушы болсам, халқыма қажет тақырыптарды қозғап жазар едім. Тілімнің тазалығын сақтап, қарапайым оқиғалардан үлкен өнеге алатындай дүние ұсынар едім. Б.Момышұлы: "Басқалар сиямен жазса, біз қанмен жаздық" деген екен. Мен де қанмен болмаса да, шындықтың көк сиясымен жазушы едім. Әсем сөзбен оқырман көзін көмкермей, жан-дүниесін байытатын еңбек жазамын.
Жазушылық біздің қазақ халқының қанында бар нәрсе. Үлкен жазушыларымыздың салған сара жолымен біз де сан жағынан емес, сапа жағынан сөз жоқ туындылар жазсақ деймін.

Объяснение: