Егіннің бастары Бір а жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді-дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бүл бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзге көпке.
Өлеңді талда