.«Еңбек пен жетістік» тақырыбыба сөйлем құра.

LeraReka LeraReka    1   29.11.2021 19:02    3

Ответы
79268888397p06sqw 79268888397p06sqw  07.01.2022 01:46

Еңбек пен жетістік.

Адамның өмірі еңбекпен тығыз байланысты. Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.

Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін. Адал еңбектің арқасында өмірде үлкен жетістіктерге жетуге болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi