Еңбегімен танылган ел ағалары

mashakostyuk8 mashakostyuk8    3   13.02.2022 18:36    0

Ответы
cavgurova3131 cavgurova3131  13.02.2022 18:40


Қытайдың əйгілі данасы Конфуцийдің өте ақылды бір шəкірті бар екен. Ол ақылды əрі алғыр болғаны сонша, оған данышпан деген оқымыстылар мен ғұламалардың өзі қайран қалатын болса керек. Бірақ, осынша ақыл мен білімі бола тұра əлі күнге Конфуцийға шəкірт болып жүргеніне басқалар таң қалысып жүреді. «Əрине, Конфуций қытайдың ең дана да данышпан тұлғасы екені рас, деседе шəкірті одан қалыса қоймайды. Ақылы мен амалы бір басына жеткілікті бола тұра жай шəкірт ретінде дəріс алып жүргені несі екен?», – деп баршасы бас қатырады. Күндердің күнінде бір адам Конфуцийге шəкіртінің де өзі секілді ақылды да дана екенін, ол жағынан ұстазынан қалыспайтынын айта келіп, сонша ақылды бола тұрып сізден не үйреніп жүргеніне таң қаламыз дейді. Сонда Конфуций дана: «Ол ақылды болғанымен өте жалқау. Ал жалқаулықтың ақыл мен білімді қор қылатынын түсінбейді. Сондықтан ол осы шындыққа көзі жеткенше менің шəкіртім болып қала береді», – деген екен.



Иə, бұл оқиғадан қоғам мен адам өміріндегі еңбектің рөлі орасан екенін түсінеміз. «Адамады адам еткен – еңбек» деген Маркстың да атақты сөзі бар. Бұл сөздің астарында үлкен шындық жатқаны анық. Адамның тарихтағы талай таң қаларлық жаңалықтары мен өнертабыстарының ар жағында үлкен даналық пен орасан еңбек жатқан болатын. Егер а еңбек ете білмегенде осындай дамыған қоғамға қол жеткізуі де неғайбыл. Сондықтан еңбектің орнын алмастыра алатын құндылық жоқ. Өзіміз өмір сүріп жатқан мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік, саяси дамуы да қарапайым еңбек адамдарының арқасы екені талассыз. Өйткені осы бір қарапайым адамдардың тынымсыз еңбегінің нəтижесінде ел экономикасы мен қазынасына қаншама байлық құйылып жатқан жақсы білеміз. Ал ол байлықтың халықтың игілігіне жарап жатқаны тағы шындық. Бұл жағынан мемлекет ең алдымен қарапайым еңбек адамдарына қарыздар. Осындай қарапайым да тынымсыз еңбегімен ел жадында сақталып, халықтың құрметіне бөленген адамның бірі – Алтынбике Бертаева.



Ал 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің VІ шақырылымының жəне 1967 жылы VІІ шақырылымының депутаты болып екі мəрте сайланды. Жоғарғы Кеңестің заң жобалау комиссиясының да мүшесі болған.



КСРО ыдырап, қазақ елі тəуелсіздік алғаннан кейінде апамыздың атқарған қызметтері атаусыз қалып көрген жоқ. Елімізге сіңірген ерен еңбегі мен халық шаруашылығын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаудың нəтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 28 желтоқсанындағы №883 қаулысы негізінде Достық ауылындағы Қаратұрық орта мектебіне А.Бертаеваның құрметті есімі берілді.



ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi