Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға , Күлтегіне қойылған құлпытастардағы жазу . Көне түркі руна жазулары қашау әдісімен тасқа , түрлі бұйымдарға ( ағаш қасық , күміс тостаған , ыдыс ) ойып , сызып жазылған . Руналык жазбада 35 әріп бар , бұдан баска төрт таңба лт , нт , нг, рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді . Жазу оңнан солға қарай окылады . Түркі жазбаларына Тоныкөк ( Улан - Батордын жаңында ) ескерткішіндегі жазулар да жатады . Казакстан жерінен табылғандары - Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы тастагы жазулар ( үш жерде ) . Есік қаласының түбінен табылған күміс тостағандагы жазу . 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара су қоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды . Бұрынғы Семей облысының Үржар ауданынан , Шығыс Қазақстан облысының Шемонайхи ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған . 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы , Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайык өзені бойынан табылған қола айнадагы руна жазуының тарих үшін маңызы зор . Көне түркі жазуларында , әсіресе кұлпытастардагы жазуда Күлтегін , Тоныкөк , Біле каған , т.б. сиякты түркі елбасыларының істеген ісі , түркі жұртының сол кездегі жағдайы , басқа елдермен қарым - қатынасы , оларды дүниетанымы сипатталады . Күлтегін ескерткішін онын агасы Білге каған койғызған . Жапу мынадай содермен басталады " Танірідей тәнірден жаралған Білге ( дана ) қаған бұл таққа отырдым . Сөзімді түгел естіңдер , жалғасқан іні-жиенім , ұлым , руым , халкым Көңілдегі кандай сезім болса , мəнгі таска жаздым . Оны көріп , сонша біліңдер ! " Білге каған тұсында түркі елі дәуірледі . Ол өте жігерлі , қaйратты , әділ , акылды елбасы болды . Ол жазуда өзі туралы былай дейді : " Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым , күндіз отырмадым . Қызыл қанымды , қара терімді ағаздым. Жалаңаш халықты киіндірдім , жарлы халықты бай қылдым , аз халықты көп қылдым " . Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған . Соғды жазуы дегеніміз --- орта ғасылардағы парсы жазуы . Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұскасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы" , кейінірек "найман жазуы" деп атаған . Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап ( VIII — XII ғасырлар ) араб аліпбиін де қолдана бастайды . 1-2. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап , себебін дәлелдеңіз .
3. Мәтін бойынша « Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым , күндіз отырмадым » дегенді бір cөйлеммен жазыңыз.
4. Білге қағанның « Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым » деген сөздерін калай түсінесіз?
5. Халқымызда батырларға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар . Бір макал жазыңыз .