Достық – ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру – ең үлкен жеңіс боп саналады.
Достардың арасында мызғымас,берік қарым-қатынас болса,алынбайтын асу жоқ дер едім.Мысалы,мына жағдаят сөзіме дәлел бола алады.Асан,Берік,Бағдат – үшеуі кішкентайларынан бері айрылмас достар.Бірге мектепке барып,бір үйірмелерге қатынасады.Бір күні олар мектепте жобалар сайысының ұйымдастырылатынын және жеңімпаз еліміздің көрікті жерлеріне экскурсияға жолдама алатыны туралы хабарландыруды естиді.Осы кезде Асан достарына бұл экскурсияға қатысуды армандайтынын,бірақ жоба жасау қолынан келмейтінін айтады.Берік пен Бағдат Асанның арқасынан қағып:"Жеңімпаз атануға көмектесеміз,біз біргеміз" деп қолдау көрсетеді.Кейін үш дос не істеп,не қоятындарын ақылдасып,іске кіріседі.Осылайша үш дос жұмыла жұмыс жасап,жеңімпаз атанып,Асанның арманын орындайды.
Ия,достық ол көптеген нәрселерге көзімізді жеткізеді."Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті жау алмайды" деп дана халқымыз жөнсіз айтпаған.Мен бұл пікірмен толықтай келісемін.Әрине,досың көп болғанымен,олардың адал әрі нағыз достар екеніне назар салғайсың.
Досы көпті жау алмайды.