Достық пен татулық – таптырмас бақыт
Т. Айбергенов «Бір тойым бар ...»
Т. Айбергеновтің туған жылы ...
А) 1937 жыл
В) 1933 жыл
С) 1938 жыл
D) 1935 жыл
Е) 1939 жыл
2. Т. Айбергенов қай жерде дүниеге келген?
А) Қарақалпақ елі, Қоңырат ауданы
В) Ташкент қаласы, Низами жері
С) Қырғыз елі, Ош қаласы
D) Қазақ елі, Түркістан қаласы
Е) Ресей, Орынбор қаласы
3. «Жерұйық» фильмінің режиссері кім?
А) Сламбек Тәуекел
В) Сон Лаврентий
С) Орынбай
D) Тимур Бекмамбетов
Е) Ақан Сатаев
4. Сламбек Тәуекелдің "Жерұйық" фильмі "Адамзаттың бәрін сүй: "Бауырым!" деген кімнің сөзімен басталады?
А) Абай Құнанбаев
В) Ыбырай Алтынсарин
С) Шәкәрім Құдайбердіұлы
D) Шоқан Уәлиханов
Е) Мағауия Абайұлы
5. Фильмнің басты кейіпкерін табыңыз.
А) Орынбай
В) Сон Лаврентий
С) Болат Әбділманов
D) Назгүл Қарабалина
Е) Бағлан Әбдіраимов
6. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.
«Жерұйық» фильмі Қазақстандағы ... тақырыбына түсірілген фильм.
А) халықтар достығы
В) жанды табиғат
С) экология мәселесі
Д) ғашықтық сезімі
Е) батырлық
7. Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілдері тұрады?
А) 130-дан астам;
В) 120-ға жуық;
С) 138-ден астам;
D) 140-қа жуық;
Е) 125-тен астам.
8. Бірінші мамыр қандай мереке?
А) Халықаралық бірлік күні;
В) Тәуелсіздің күні;
С) Жеңіс күні;
D) Халықаралық әйелдер күні;
Е) Балаларды қорғай күні.
9. Қазақстан Халық Ассамблеясының құрылған жылы:
А) 1995 жылы 1 наурыз;
В) 1991 жылы 16 желтоқсан;
С) 1992 жылы 4 маусым;
D) 1993 жылы 9 мамыр;
Е) 1993 жылы 15 қараша.
10. Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.- өлең жолдарының авторы
А) Мұқағали Мақатаев
В) Төлеген Айбергенов
С) Шәмші Қалдаяқов
D) Мұхтар Шаханов
Е) Мұхтар Әуезов
11. Төлеген Айбергеновтің өлеңін белгілеңіз.
А) Бір тойым бар
В) Ғашықпын
С) Менің Қазақстаным
D) Бақыт
Е) Гүлдәурен
12. Бос орынға Төлеген Айбергеновтің өлеңіне қажет сөзді көрсетіңіз.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ... бірақ...
Ешкімді де билетпей
А) қайтармаймын
В) билетемін
С) сағындыртам
D) сабылдыртам
Е) беремін
13. Етістіктің райларының қанша түрі барын табыңыз.
А) 4
Б) 7
С) 9
D) 12
Е) 15
14. Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз.
А) емделсем
В) барғым келеді
С) тезірек келгейсің
D) бұзайық
Е) қалғым келеді
15. Шартты райлы етістікті табыңыз
А) Жазсам, бітіріп тастаймын.
В) Үйге тезірек келсейші.
С) Осы сұраққа жауап берсеңіз екен.
D) Қазір демалыс болса ғой!
Е) Бір түрлі ұйықтағым келіп тұрғаны.
16. Шартты райлы етістікті табыңыз.
А) Бір көрсем, арманым болмас еді.
В) Беліңді бекем буғайсың.
С) Содан кейін мені бір сына
D) Теңді шештірме, үйге де әбігер болма
Е) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз
17. Шартты райдың жұрнақтарын табыңыз.
А) – са - се;
В) –ғы –гі - қы – кі;
С) – дан – ден - тан - тен;
D) – ған – ген - қан – кен;
Е) – ғым –гім – қым - кім.
Оқылым
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Достық пен татулық - таптырмас бақыт.
Достық - ең ұлы сезімдердің бірі. Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады. Халқымыз "Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын" деп бекер айтпаған. Достармен сен қуанышыңды да, қайғыңды да бөлісе аласың. Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру - ең үлкен жеңістердің бірі.
Бұл өмірде адал дос та, амал дос та болады. Тек олардың аражігін айыра білу керек. Себебі, досың арқылы айналадағылар сені таниды. "Жаман достан жақсы дұшпан артық» демекші жаныңдағы шынайы емес достардан қашық жүргенің абзал. Олар тек өз қара бастарын ғана ойлайтындықтан, сені тұңғиыққа батырып жібереді.
"Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген екен ата-бабамыз. Расында, адамдар арасында татулық орнаса, алынбайтын қамал болмайды. Тарихымыздағы халық басына күн туып, жаугершілік заман болғанда хандарымыз бен билеріміз халықты бірлікке, татулыққа шақырған. Осылайша олар бір-екеу емес, бірнеше болып жауға тойтарыс берген.
Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл - біздің татулығымыздың, достығымыздың көрсеткіші. Қандай жағдай болмасын, осы берекелі күнімізден айырылмауға тырысайық. Себебі, татулық пен достық - біздің таптырмас бақытымыз бен байлығымыз.
18. Мәтінде ... туралы айтылған.
А) достық
В) қастандық
С) тыныштық
D) бейбітшілік
Е) мейірімділік
19. Шартты райдың жұрнақтары кездесетін мақалды табыңыз.
А) "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді"
В) "Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын"
С) "Жаман достан жақсы дұшпан артық"
D) Татулық пен достық - біздің таптырмас бақытымыз бен байлығымыз.
Е) Досы көпті жау алмас
20. Соңғы азат жолда айтылатын ой:
А) Қазақстанда ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, татулығымыздың, достығымыздың көрсеткіші болуда.
В) Достармен сен қуанышыңды да, қайғыңды да бөлісе аласың
С) Осылайша олар бір-екеу емес, бірнеше болып жауға тойтарыс берген.
D) Достық - ең ұлы сезімдердің бірі.
Е) Бұл өмірде адал дос та, амал дос та болады.

ОверДовн ОверДовн    3   28.01.2021 06:14    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi