Достық пен татулық - таптырмас бақыт .Арада аз күн өтсе де сыйлас, сырлас бола біліп, жазғы демалысты бірге өткізген досыңыз есіңізге түсті. Жылы лебіздеріңізді білдіре отырып, «Дос және достық мақсаты»тақырыбында мәтін жазыңыз. Жазба жұмысында етістіктің бұйрық рай қызметін және шартты рай жұрнақтарын орынды қолданыңыз

Korolevanet Korolevanet    2   27.12.2020 14:29    20

Ответы
Mike262711 Mike262711  26.01.2021 14:31

Дос және достық мақсаты.

Мен достық туралы жазамын,ал сен оқып,бағасын бер.Менің Астана қаласында досым бар.Екеуміз жазғы демалыста,стадионда таныстық.Бір-бірімізбен сөйлесіп,таныс болдық.Таныстығымыз достыққа ұласты.Биыл Астанаға барсам ол ауылға кетіп қалыпты.Бір жетіден кейін келді,екуміз қуанысып қалдық.Ол айтпасада мен біліп отырмын.Оның мені шын дос ретінде жақсы көретінін.Екеуміздің ойымыз сәйкес келеді,екеумізде футболды жақсы көреміз."Жақсымен жанассаң жетерсің мұратқа,жаманмен жанассаң қаларсың ұятқа",-дегендей жақсы дос тапқаныма қуанамын.Екеумізде футболды жақсы ойнап,спортта жарқырап бір көрінсек дейміз.Дос болудағы мақсатымыз-бір-бірімізбен хабарласып,қатынасып,қолдан келгенше көмектесіп,сыр сақтап,сырласып тұру.Сенде жалғыз жүре бермей дос тап.Доспен өмір көңілді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi