Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сəтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жəрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері əртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дəстүрлі əдеп жүйесіндедостыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мəтелдер жеткілікті: «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының, өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бəрі соның басында», «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос». Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі.
Достық – бұл өмірдегі еш нəрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Сенім мен жарқын көңіл достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады жəне жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Достық деген сезім сені шынайылыққа, адалдыққа үйретеді.
Достық туралынақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза жəне адал қарым- қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бəрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген.
Барлығымыз арамызға достықтың дəнін егіп, ол ағашымызға қарап, суландырып тұрсақ, арадан қанша уақыт өтсе де, ол ағашымыз жайқалып, жапырақтары қаулап өседі. Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды тануға болады. Адам өзі қандай болса, дəл сондай адамға ұшырасады, дəл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.
(303 сөз)

1-тапсырма
Мəтіннен мына сөздерді сəйкес мағыналарын табыңыз.
Адамға - [1] Көмектеседі - [1]
Зор - Жау - Керек -
[1] [1] [1]

Shavelvasilisa Shavelvasilisa    3   04.06.2021 22:13    2

Ответы
Verozan2103 Verozan2103  04.07.2021 23:14

ответ: 1. Адамға - кісіге

2. Көмектеседі - жәрдемдеседі

3. Зор - үлкен

4. Жау - қас

5. КЕРЕК - Қажет

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi