Дизайнер болғым келеді мəтін​

sashakO5класс sashakO5класс    1   07.10.2020 22:39    3

Ответы
daniil8092228 daniil8092228  07.10.2020 23:01

ответ:Бұл – өте қиын әрі күрделі кәсіп.

дизайнер – тек киімге ғана емес, басқа да бірқатар салаларға қатысы бар мамандық. Киімнің дизайнымен айналысатын маманды кутюрье деп те атайды. Дизайнер сөзінің өзі ағылшын тілінен аударғанда «айрықша үлгілер мен образдарды, ой-өрнектерді ұсынушы» деген мағынаны білдіреді.Дизайнер, ең алдымен, стратег болуы керек. Бұл өзі шахмат ойыны сияқты нәрсе. Қандай жүріс жасайтының анық болуы тиіс. Не керек екенін білу және тез шешім қабылдай алу да аса маңызды.

жетістікке жету үшін әйту керек, бүйту керек деп тап басып айта алмаймын. Әркімнің өсу, өркендеу жолы әртүрлі. Бәріне ортақ бір талап жоқ деуге де болады. Әркім өзінің өсу жолын өзі таңдайды. Біреулер, мәселен, сән әлеміне қатысты журналдарда стилист болып жұмыс істейді. Енді біреулер жеке тапсырыстар негізінде үй-үйді аралап, қызмет көрсете жүріп, үлкен жетістікке жетуі мүмкін. Қалай болғанда да, бұл – шығармашылық. Шығармашылық болғаннан кейін оның басты шарты – әркімнің өз қолтаңбасының болуы. Бәріміздің істеп жүргеніміз бір тірлік сияқты көрінгенімен, біздердің бір-бірімізден айырмашылығымыз көп. Тіпті, түс таңдаудың өзінде де үлкен айырмашылық болады. Біреулер ашық түстерді ұнатады, енді бір дизайнерлер «салмақты» түстерді құп көреді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi