Диалог по тексту: Мен 1930 жылы 21 ақпанда Алматыда туғанмын. Әкем - Ілияс Жансүгіров, шешем - Фатима Төребаева. Әкем Талдықорғанның Ақсу өңірінен, шешем - Жаңақорғаннан. Екеуі 1928 жылы Қызылорда ел астанасы болып тұрған кезде сол жерде танысқан. Шешем – әдемі дауысы бар әнші болатын.
Жастайымнан ағайын-туыс, үйге келетін адамдардың бәрі: «Әкеңе ұқсайсың!» дейтін. Мектепте, кейін Мәскеудегі Тау-кен университетінде орысша оқыдым. Алайда тілімді сақтадым.
Қазір әкем туралы мақала жазып тұрамын. Жамал, Ризеда есімді екі қызым бар. Жамал Мәскеуде, Ризеда Хорватияда тұрады.