Диалог по тексту . Мәтін бойынша диалог құрайды .

1990 жылдардағы демократия , теңдік , адам құқығы мәселесі Қазақстанға сырттан келіп таңылды . « Біз де жұрттан қалмайық » деген үрдіспен өзімізде мұндай проблема болмаса да , бар сияқты көтере бастадық Сөйтіп , керек десеңіз ол мәселе жоғары деңгейде де қозғала бастады . Қазіргі күні осы тақырыпқа орай арнайы жобалар жасалып , қаражат бөлінетін болды . Шындығында , бұл негізінен Батыс елдерінің өзекті мәселесі Мысалы , кезінде Америка мектептерінде директор болып қызмет ететін ер адам мен әйел адамның жалақысы екі түрлі болатын . Қазір енді ғана теңестіріліп келеді . Өйткені оларда барлығы бірдей тарифпен есептелмейді . Өздерінің қамқоршылық кеңестері бар Сондықтан жалақы да әртүрлі болуы заңды Ер мен әйелдің тең құқылығы осы тұста туындайды . Неліктен ? « Екеуміздің жұмысымыз бірдей екеуміз де мектеп директорымыз , неге ерлер көп алады , неге біз аз аламыз ? » Міне бұл жерде әйел адамды кемсітушілік бар . Еңбекке ақы төлеудің теңдігі сақталмай отыр деген сөз . Ал бізде бұл мәселе жоқ . Әйел адам болсын ер адам болсын , директордың жалақысы бірдей . Бұл – бір ғана мысал . Соған байланысты Батыс елдерінде ер мен әйелді жасанды түрде теңестіру мәселесі басталды . Мысалы , Скандинавия елдерінде парламент депутаттарының 50 пайызы әйел 50 пайызы ер адам болуы міндетті деген сияқты арнайы заңдар қабылданған , Баяғы Кеңес үкіметі кезінде депутаттардың 30 пайызы еңбекшілерден , 20 пайызы шаруалардан , 10 пайызы интеллигенциядан болуы керек деген сияқты ережелер болды .

AlinaZimina2003 AlinaZimina2003    1   03.03.2021 09:21    25

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi