Диалог на казахском языке по теме заповедники казахстана 6 класс (12-20 реплик)

anna1919191 anna1919191    2   04.10.2019 06:30    11

Ответы
аааааааа36 аааааааа36  09.10.2020 19:01

"Қазақстан қорықтары" туралы диалог құрастыру.

Мұғалім: Балалар, бүгін - өткен тақырыптарды қайталау сабағы. Тақырыптарды қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейік Сонымен бірінші сұрақ: Еліміздің аумағында қанша қорық бар?

Оқушылар: 10 қорық бар.

Мұғалім: Қанеки, кім 10 қорықты атап шыға алады екен?

Ерсін: Апай, мен атайыншы. Ақсу-Жабағылы, Наурызым қорығы,  Алматы қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы,  Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы, Барсакелмес қорығы және  Қаратау қорығы.

Мұғалім: Бәрекелді, жарайсың! Осы қорықтардың ең алғаш ашылғаны қайсы?

Оқушылар: Ең алғаш ашылғаны - Түркістан облысының аумағында орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы. 1926 жылы ашылған болатын. Орталық Азия мен Қазақстанның ішінде алғаш ашылған қорықтардың бірі.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Ал қорық дегеніміз не және оны құрудағы мақсат қандай?

Оқушылар:  Қорық дегеніміз - экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтар жиынтығы. Қорықтардың мақсаты - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, сол аумақтағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын сақтау.

Мұғалім: Өте жақсы, балалар! Тақырыпты барлығың да меңгеріпсіңдер! Ендеше сабағымызды одан әрі жалғастырайық...

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi