Деректі және өз біліміңді пайдаланып, Ресей империясының Қазақстанға қоныс аудару себептері мен салдарын талдаңыз
С. Асфендияров: «Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ мемлекеттілігіне аса
үлкен апат әкелді. Бұл саясаттың кері салдары байлар билігінің нығаюымен үндесіп, қазақ
еңбекші бұқарасына және кедейлеріне өзінің бар салмағын салды».

,ответьтее.
1. Қоныстану саясатының себептері?
2. Қоныстану саясаты негізінен жүргізілген аймақтары?
3. Қоныстандыру саясатының қазақ қоғамына әсері?​

melochek228 melochek228    1   15.03.2021 11:06    2

Ответы
CrazyBublic02 CrazyBublic02  14.04.2021 11:07

Объяснение:

1) Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.

Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті.

Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді.

Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын.

Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.

2) Ресей империясы,Түркістан,Жетісу,Орынбор,Петропавл,Орал,Ертіс,омбы,сібір

3)Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ мемлекетіндегіне аса үлкен апат әкелді.Бұл саясаттың кері салдары байлар билігінің нығаюмен үндесіп,қазақ еңбекші бұқарасына және кедейлеріне өзінің бар салмағын салды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi