Дереккөздерден Ы.Алтынсарин туралы ақпараттар тауып, ғалым-педагогтің өмірі мен шығармашылығына қатысты постер жасаңдар

Lesha152 Lesha152    3   03.03.2021 09:25    0

Ответы
артем1ппн артем1ппн  02.04.2021 09:32

Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді.Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді.

  Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Арақарағай болысында (бұрынғы Затобол ауданы), ауқатты отбасында дүниеге келген. Ыбырайдың өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өскен. Сол кездің Балқожа би қазақтың халық ауыз әдебиетіне жетік, өлең шығарған, тілі шебер шешені болған.

Балқожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашылған жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Оның мектепте оқыған кезі туралы мұрағат құжаттарының бірінде оның табандылығымен, өздігімен жұмыс жасай алатындығымен ерекшелегендігі айтылған.

   1857 жылы Ыбырай мектепті аяқтап, Орынбор шекара Комиссиясына тілмаш болып қызмет атқарады. Ол осында білім деңгейін көтеруді жалғастырады, туған елінің тарихын, әдебиетін, шығыс, орыс және батыс – европа мәдениетінің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын ықыласпен оқып үйренеді.

Туған халқына қалай пайдамды тигізсем деген зор ынтамен шабыттанған Ы.Алтынсарин өзінің қабілетін байқап, педагогикалық жұмыспен айналысуды армандайды.

1860 жылы ұзақ машақат пен қиындықтан кейін оған Орынборды тастап Торғай қаласына ауысудың сәті түседі. Бірақ бұл жерде жергілікті патша үкіметі ұзақ уақыт бойы Ыбырай Алтынсаринге өзінің сүйікті мұғалімдік ісімен айналысуға мүмкіншілік бермейді. Соттың көмекшісі, біресе судья, уезд басқармасының көмекшісі, басқарманың міндетін атқарушы қызметіне тағайындайды.

  1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. 

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi