Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. 1-сабақ
Қарамен берілген құрмалас сөйлемге дұрыс
қойылған тыныс белгіні тап.
Баяғыда бір білімді де көрегенді адам болыпты.
Оның жалғыз ұлы бар екен. Сол бала ер жетіпті.
Ат жалын тартып мінуге жарап қалғанда
әкесі оған еңбек етуді тапсырыпты. Бірақ
анасы жалғыз ұлын аяпты. Әлі бұғанасы
қатпаған жас деп, баласының жұмыс істеп
табатын ақшасын үйдегі ақшадан алып беріпті.
Ат жалын тартып мінуге жарап қалғанда.
әкесі оған еңбек етуді тапсырыпты.
Ат жалын тартып мінуге жарап қалғанда,
әкесі оған еңбек етуді тапсырыпты.
Ат жалын тартып мінуге жарап қалғанда?
әкесі оған еңбек етуді тапсырыпты.