День независимости казахстана на казахском языке. не большой рассказ для 2 класса.

roversun7 roversun7    1   03.10.2019 15:10    0

Ответы
кис88 кис88  09.10.2020 14:34

Тәуелсіздік туралы.

Еліміз 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, өз алдына егемен мемлекет болды. 28 жылдың ішінде елімізде бірқатар өзгерістер орын алып, бүгінде Қазақстан - әлемдік картада өзіндік орны бар, бүкіл әлем мойындаған тәуелсіз ел. Егемендік алғаннан бері ұлттық валюта енгізіліп, жаңа Астанамыз бой көтеріп, елдігіміздің нышандары (Әнұран, Ту, Елтаңба) белгіленді.

Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет. Осыны әрдайым есімізде сақтап, елдігімізді берік қылайық!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi