Дефиспен жазылатын шылаулар кандай?

Сашуля141 Сашуля141    3   12.05.2020 11:40    7

Ответы
dVioletta dVioletta  24.08.2020 15:24

Дефис арқылы жазылатын шылаулар:-ақ, -ай, -ау, -мыс, -міс, -ды, -ді

-ақ: Таксиге мінгенім сол-ақ еді, жолға шығар-шықпас бұзылды да қалды.

-ай:Қап-ай, мұны білгенде автобуспен-ақ бара беруші едім ғой.

-мыс:Үй жұмысын Асқат өзі жасапты-мыс.

-міс:Олар менің бүгінгі жиналысқа келмейтінімді біледі-міс.

-ды:Бұл мәселені ең алғаш ортағасырлық итальян философтар қарастырған-ды.

-ді:Біздің әуекомпаниямыздың ұшқыштары өткен аптада Арал теңізінің үстіндегі әуе кеңістігінде екі БҰН (беймәлім ұшатын нысан) көрген-ді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi