Әдеби тіл нормалары Өлең мәтініндегі интонация, кідірістерді сақтап, мәнерлеп оқыңдар. Өлеңге мақал-
мәтелмен ат қойыңдар.

Мақтайсың туған жердің
Долданған боранын да.
Алдыңнан соқсын мейлі,
Ұшып кеп қонарыңда.
Мақтайсың-ау тасын да,
Мактайсың топырағын.
Аңсайсың, айтасың да,
Мен тыңдап отырамын.
«Шіркін-ай, біздің жақтың
Желі де мықты-ау!» — дейсің.
«Еске сап сонау шақты,
Алдымнан шықты-ау», – дейсің.
Көзіңнен сағыныштың
Оттары молдау жанып.
Қанатын қыран құстың
Іздедің сонда барып.
Мақтайсың бұлағын да,
Мөлдіреп ағып жатқан.
Сыбырлап құлағыңа,
Айтады ол саған тәтті ән.
Мақтай бер, досым менің,
Сол жақтың сай мен өрiн.
Өйткені ол – туған жерің,
Өйткені ол – туған жерің!
(Тұманбай Молдағалиев)​

raremani raremani    3   16.11.2020 12:52    8

Ответы
TeamFortres2 TeamFortres2  16.12.2020 12:52

туған жердің əр атасы біздің алтын тағымыз

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi