Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. 1-деңгей. Диалог мәтінінен түбір сөздерді теріп алып, жұрнақтар арқылы туынды сөз- дер жасаңдар. 2-деңгей. Оқылым мәтінінің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жазыңдар. 3-деңгей. «Уақытты бағалай білеміз бе?» сұрағына «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жа- уап жазыңдар. 1. Пікір. Өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар. 2. Дәлел. Өз пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдендер. 3. Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар