Деңгейлік тапсырмалар І деңгей
1. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз. Выпишите омонимы.
1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.
2. Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап.
Найдите главное значение омонимов.
А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы
Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті
В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі
ІІ деңгей
1.Мәтіннен антонимдерді теріп жаз. Выпишите антонимы из текста.
Үлкенді-кішілі үйлердің терезелері де жарық. Үлкен де, кіші де қуанышты. Бауыржан – құлағы түрік, шапшаң бала. Қаламқас – жер қозғалса қозғалмайтын, мінезі ауыр қыз. – сен жаман баға алмақсың ба сонда? – жоқ, жақсы баға алам. Қаламқас диктантты жай жазады. – Мен жылдам айтып жатырмын ба? Бәріне жұрт кіріп-шығып жатыр. – Жемді ертеңгілік бір, кешкілік бір, азғантайдан шаш. Балық аштақтан емес, тоқтықтан өледі. Кітапта солай жазылған. – Балалар, кеше біз тазалық күнін әбден жақсы өткіздік. – Апай, бүгін кірлеген парталарды мен жуайыншы.
2. Төмендегі берілген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жаз.
Используя данные слова, составьте предложения.
Кітап. Ай. Жұлдыз. Көрме. Бет.