Деңгейлік тапсырмалар 1-деңгей. Мәтіндегі сан есімдерді бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандарға бөліңдер.
Б.з. 45 жыл бұрын Рим императоры Юлий Цезарь астроном Созигеннің жобасы бойынша ескі Рим күнтізбесін өзгертіп, жаңа күнтізбені жариялады. Ол Юлий күнтізбесі деп аталды. Рим папасы Григорий ХІІІ 1582 жылы теңелу күнін әрдайым 21 наурызға келетін етіп тұрақтандыру үшін уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5 қазанды 15 қазан деп есептеуге және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебіне алуға жарлық шығарды. («Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)
2-деңгей. Сөзбен жазылған сан есімдерді цифрмен жазыңдар.
Бас бунақ – «Қара қатқақ, аш өзек шақ». Шамамен ақпан айының тоғызыншы жаңасынан маусым айының тоғызыншы жұлдызына дейінгі шақ.
Ортақ буын – «Тұяқ терлер, қой күрлер кез». Шамамен маусым айының оныншы жұлдызы мен қазан айының тоғызыншы жаңасының аралығы.
Аяқ буын – «Тоқты тоймас, шөміш кеппес мезгіл». Шамамен қазан айының оныншы жаңасынан ақпан айының тоғызыншы жұлдызына дейінгі шақ.
ВАС