Даю 20б Мәтіннен жатыс септігі бар сөздерді табыңыз.
Қоғамдық орындарда сақталатын сөз әдебін сақтап сөйлеу
Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек. Қоғамдық орындарда адамдармен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Қажет болғанда, “ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін” деп барып, айту керек. Өз кәсібінің шарықтау шегіне жеткісі келсе, сөйлеу өнерін жетік меңгеруі тиіс. Себебі оларға адамдармен үнемі қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, кеңес беруге, сөйлеуге тура келеді. Сөйлеу мәдениетіне қойылар талаптар мынандай: тыңдаушыны қадірлей білу, сөйленген сөздің анық, дәл, айқын естілетін болуы, сөз сөйлеуде бет-аузыңның, қолыңның қимылын қатыстыру. Тыңдаушыға көз қырын салу, сөзді тыңдаушы ығыр болған сөзден бастамау, сөздің қысқа әрі тұжырымды болуын қадағалау. Адамның қалай сөйлегеніне қарап, оның рухани және парасаттылық өрісін, ішкі мәдениетінің дәрежесін анықтауға болады. (Ғалия Абилбакиева «Шаршы топта сөйлеу мәдениеті»)