Дайте тексту заголовок Қызыл планета – Марсты қазақ шарт аяздың хабаршысы деп есептеген. Өйткені ол шарықтағанда суық күшейетін болған. Қызыл шұнақ аязбен бірге шығыстан қызыл оттай жұлдыз көтеріледі. Текке көтерілмей өңменнен өтетін аязын әкеледі.

Күн жүйеміздегі алып ғаламшар Юпитер аңызда асқақ жұлдыз. Өзін мейлінше асқақ ұстайтын Асқар есімді жігіт тауда оңаша тұрады. Кейіннен далада адасып қалған Гүлдана есімді қызбен танысып, оның әке-шешесінің рұқсатымен жанұя құрады. Сол оңаша патшалықта он алты перзент сүйеді. Бірақ Гүлданадан кезінде айырылып қалған Қожабай есімді бай жігіт ұмыта алмай, бірде үйін тауып барып, ауласында Гүлдананы пышақтап өлтіреді. Асқар онан ақысын алады. Бірақ қайғы шыдатпайды. Он алты перзент шүпірлеп жанында қалады. Елден, жерден бөлек кету үшін ол аллаға күні-түні жалбарынып, көктен орын сұрайды. Өз алдына жеке патшалық құрғысы келеді. Алла ол тілегін қабыл алып, аспанға шығарып, бір бөлек жұлдыз жүйесі етеді. Жігіт алып ғаламшарға, перзенттері он алты серігіне айналады. Құйрықты жұлдыз аңызда белгілі бір мерзімде Күнге жақындап, жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші, алланың көмекшісі, ақ сақалы тұла бойына шұбатылған қарт болып айтылады. Көктен кенеттен көзге шалынатын Ақпа жұлдыздарды көргенде «Өз жұлдызым жоғары болсын» деп бата жаса дейтін наным оны киелі деп санайтын ырымнан туған.

Patsanchik999 Patsanchik999    2   01.03.2021 10:59    0

Ответы
MeBloger MeBloger  01.03.2021 11:00
Так и назови қызыл планета или ғаламшар
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi