Дастан мен поэма туралы олардың ерекшелігі туралы түсінік

Plushkina69 Plushkina69    3   10.12.2020 10:40    0

Ответы
piece0fcake piece0fcake  09.01.2021 10:40

Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.

Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде “Илиада”, “Одиссея” эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар (былина) мен “Игорь жасағы туралы жыр”, т.б. поэмалар кеңінен мәлім.

Дастан – әдебиет жанры. Фольклордың саласына жатады. Таяу Шығыс, Орта Азия, қазақ халықтары арасында кең тараған. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырлар жыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»), қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді. Кеңес заманында еңбек ерлеріне, Отан соғысы батырларына, партия қайраткерлеріне арналған авторы белгілі дастандар шықты. Мысалы, Жамбылдың «Замана ағымы», Н.Байғаниннің «Қанды жорық», Қ.Жапсарбаевтың «Капитан Гастелло» дастандары т. б.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi