Дарі дәрмек туралы малімет өте керек

alina200120 alina200120    3   22.06.2019 00:10    0

Ответы
помогите2323 помогите2323  17.07.2020 11:26
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықта­­ма­­­сы бойынша, дәрілік заттардың жанама әсері дегеніміз ауруды алдын алу, диагностикалау, емдеу мақ­сатында тағайындалған препараттың ағ­заға кез-келген кері жа­ғымсыз әсері.
Дәрілік заттардың жағым­сыз әсері көбіне по­липрагмазия, өзін-өзі емдеу, дәрілік затты мөл­шерден тыс қолдану сал­дары­нан артық фармакологиялық әсер­дің дамуынан (мысалы: асқазан жарасын туғызатын дәрілерді,қан қысы­мын төмендететін препараттарды мөлшерден тыс қолдану салдарынан гипотензияның да­муы), бір-бірінің әсерін күшей­тетін бір бағытта әсер ететін дә­рілік затты бірге қабылдау (мы­салы, варфарин мен аспирин), туа біткен сезімталдылық, гене­ти­калық бе­йім­ді­лік салдарынан дамуы мүмкін.
Дәрілік препараттарды қа­былдау салдарынан болатын жағымсыз әсер­лердің дамуына жол бермеуге бо­лады. Олар төменде көрсетілген жағдайлар­да туындайды:
* науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау;
* дәрілік затты тиісті мөлшерде тағайындамау;
* ағзаның күтпеген реакциясын туындататын, анық­талмаған медициналық, генетикалық немесе аллергиялық жағдайлар;
* рецепт бойынша жіберілетін дәрілік заттарды өздігінен алып қабылдау;
* дәрілерді қабылдау тәртібін бұзу;
* қабылдап жатқан дәрілік заттың басқа дәрілік заттармен (сонымен қоса биологиялық белсенді зат­тармен), кейбір тағамдармен өзара әсерлесу ерекшелік­терін ескермеу;
* емді тиімсіз тіпті болмаса өмірге қауіпті ететін, құ­рамы ғылыми талаптарға және стандартқа сай емес дәрі­лік заттарды қолдану;
* тиімсіз, қауіпті, құрамында белсенді заттары жоқ жасанды дәрілік заттарды қолдану.
Мүмкін болатын жанама әсерлерді ескеру үшін, дәрі­лік заттың ағзамен қалай өзара әсерлесетіндігі туралы түсі­нік болу керек. Ал дәрілік затты жоғары дозада қолдану - мөлшерден тыс қолдану деп аталады.
Кез келген дәрілік затты қабылдау салдарынан жана­ма әсерлердің даму қаупі туындайды. Олардың жиілігі 10-20 пайызды құрайды. Сондықтан дәрілік затты тағайында­ған дәрігерден мүмкін болатын жағымсыз әсерлерді нақты­лап алу қажет.
Әрине, көптеген жанама әсерлердің қарқындылығы әлсіздеу білінеді, жеңіл өтеді, (лоқсу, бастың ауырсынуы сияқты) препаратты қабылдауды тоқтатқан соң немесе мөлшерін төмендеткен соң мүлдем жойылып кетеді. Алайда науқас өміріне қауіп төндіретін, ауыр жанама әсерлер де кездеседі (бауырдың, бүйректің зақымда­н­уы, қан түзілу бұзылыстары - апластикалық анемия және тағы басқалар). Науқастардың шамамен 0,5-5 % дәрілік заттардың жанама әсерінен зардап шегіп, ауруханалық емді талап етеді.
Ал дәрілік заттардың жанама әсерлерінің даму қаупін төмендету үшін не істеу қажет?
Ол үшін, препаратты қабылдамас бұрын, қолдану қажеттілігі туралы дәрігерден ке­ңес алған жөн. Екіншіден, науқастың өзі де препаратты қолда­ну нұсқаулығымен, әсіресе, «Қарсы көрсеткіштер», «Жанама әсерлер», «Сақтық шаралары», «Мөлшерден тыс қолдану», «Ерекше нұсқаулар» жиынтығымен мұқият танысқаны жөн. Қорыта келгенде, дәрігердің жазып берген нұсқауын қатаң түрде орындап, өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір сүру қағидалары бойынша өмір сүрген жөн. Сонымен қатар, жанама әсер қаупі туған жағдайда, міндетті түрде емдеуші дәрігеріңізге, не бо лмаса препаратты сатып алған жердегі фармацевтке хабарласқан жөн.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi