Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
2015 жылы Елеусінов Отбасы Астанада қалалық конкурсында «Mereylі отбасы-2015» атағын жеңіп алды.
Орал қаласында оқушыларға арналған Данияр Елеусінов атына бокс орталығы ашылмақ.
1. Мәтін бойынша берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [1 б]
/ Определите одно ложное сведение по данному тексту/
Тұжырым
Шын
Жалған
1
2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
2
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы.
3
2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы.
2. Берілген сөздің синонимін табыңыз.
/Определите синоним данного слова/
талап (синоним) - [1 б]
3. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3). [3 б]
/ Расставьте предложения по очередности как в тексте 1,2,3/
Мәтіндегі ақпараттар
Реті
2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы.
Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында жаттығады.
2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
4. Мәтінді оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
/ Прочитайте текст. Составьте 2 вопроса по содержанию текста./ [5 б]
Қалам-таңба
Өте ерте замандарда адамдардың ең негізгі кәсібі аңшылық болғаны мәлім. Аңшылар біріне-бірі хабар беру үшін белгілер қолданады. Ерте заманнан келе жатқан кейбір белгілер осы күнге дейін қолданылады. Мысалы: аңшы өзінің қайда бара жатқанын артындағы жолдасына білдіру үшін белгілер тастап отырады. Орманды жерде ағашты кертеді, немесе бұтақ сындырып жолға тастайды. Сынған бұтақтың түп жағын баратын
бағытқа қаратады.
Бертін келе бұтақ орнына садақ оғын - жебені қолданған. Жебенің үшкіл басын баратын бағытқа қаратып тастайтын болған.
Оқ, жебе, найза, ұшталған шыбық, істік, қауырсын – міне,осы заттар ерте заманда адамдар қолданған белгілер. Бұл заттар қолда жоқ жерлерде олардың белгісін қолдану қажет. Ол таңба алдымен жерге, ағашқа, тасқа жазылудан басталмақ. Міне, жазудың ең алғашқы бас таңбасы көп жерлерде осылай басталған деп білеміз.
(Ақжан Машанов)
Сұрақ:
1.
2.
Жазылым
5. (Тапсырманы толық, қатесіз, әдемі жазуға тырысыңыздар. Жақсы орындалған жұмыс ға бағаланады.)
/Постарайтесь выполнить задание без ошибок, четко подбирая слова. За хорошо выполненную работу /
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
/Выберите одну из двух тему и выполните письменное задание. Напишите слова по правилам орфографии, правильно прибавьте суффиксы, используйте времена глаголов и знаки препинания в конце предложений в данном письменном задании/
1.Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
2.Жер байлығына аяулы көзқарас.
[10 б]
Соч по казахскому .. Файл экспортировать не удалось