Дана да дара тұлға эссе көшірмей көмектесіздерші


Дана да дара тұлға эссе көшірмей көмектесіздерші

ЛеркаXD ЛеркаXD    3   15.04.2022 23:53    5

Ответы
alexeyvinogradp0do9x alexeyvinogradp0do9x  16.04.2022 01:00

Дана да дара тұлға – Б.Момышұлы.

Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы –тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi