Дәстүрлі қазақ отбасында ата-баба тәрбиесі ерекше. Қазақ отбасында ата-әжені, әке- шешені ерекше құрметтеген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайғанда оларға қамқорлық жасауға міндетті. Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Ана – отбасы берекесі. Әке де, балалар да ананы сыйлайды, құрметтейді.
Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі. Тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.
Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады
Выписать из текста көптік мәнді есімдерді