Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт – білім. Дана бабаларымыз: «Күш білімде, білім кітапта», «Мұхит басы – бұлақ, білім басы - кітап», - деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген Егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. Ерінбей оқып, талмай іздену арқылы адам рухани тұрғыдан жетіліп, білім нәрімен сусындайды. Мұндай адам қашан да халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман-мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер данышпан бабаларымыз жазып қалдырған кітаптарды көп оқулары керек. Осындай ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын-жазушылардың шығармаларын оқыған адам білімді, тәрбиелі, өнерлі болып өседі. Ағылшын философы – Френсис Бэкон: «Кітап оқу адамды білімді етеді, жазып отыру әдеті сауатты етеді», - дейді. Ал Конфуций: «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - деген. 4 – тапсырма. Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді тауып жаз Ілік септік: Барыс септік: Табыс септік: Жатыс септік: Шығыс септік: Көмектес септік: