Чтобы стать единой страной, нам нужно объединить казахов, разбросанных по всему миру. Это одна из самых важных проблем сегодня эссе

nikastezkaowl9vp nikastezkaowl9vp    1   10.04.2020 22:08    29

Ответы
SoftMGDN SoftMGDN  13.10.2020 02:08

Бір мемлекет болу үшін бүкіл  әлемдегі шашырап жатқан қазақтарды біріктіру керек,-деген бүгінгі күннің басты мәселесі,- деп эссе жаз дейсіздер ме? Ал, сонда біз ше? Осы елде туып, өскен, осы мемлекетті Отаным деп жүрген азаматтар не істейді. Көзін ашқанда, шыр етіп дүниеге келгенде, есін жиып, азамат болғанда өз Отаным, өз жерім, деп жүрген өз елі бар, өзінің басқа мемлекетте азаматтығы бар жандарды, тек ұлты қазақ екен деп елімізге жинауымыз керек пе? Елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері бар деген мақтанышымыз жәй сөз бе? Бұл эссені мен қалай жазуым керек? Білмеймін, қатты дағдарыстамын. Әлде, бұл эссені қазақ балалары ғана жазу керек пе? Неге бұл бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып тұр, бұдан басқа еш мәселе қалған жоқ па?

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi