Бжб казахский 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы, 1 жуан, 1 жіңішке сұрақ дайында. Бұл кезде жиырма төртке толған Әлихан оңы мен солын танып қалған азамат еді. Саясатқа қатысты әдебиеттермен қоса, орыс жазушыларының, әсіресе, Л.Н. Толстойдың шығармаларын оқу оның күнделікті үйреншікті ісіне айналады. 1894 жылы Петербордағы оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда, Әлихан жоғары білімді орманшы ғалым ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмірдегі ұстанымы айқын жас жігіт болатын. Оның белсенді саяси қызметке араласа бастағанын сол мезгілдегі танымал «Степной край» газетіне жақын атсалысуы байқатады. 2-тапсырма. Кестеде берілген тарихи тұлғаларды қызметтерімен сәйкестендір. 1 Махамбет Өтемісұлы А Ұлы Отан соғысының ардагері 2 Әлихан Бөкейханов Ә Тұңғыш педагог, адамдық диқаншысы. 3 Ахмет Байтұрсынұлы Б Алашорданың көсемі, қоғам қайраткері. 4 Ыбырай Алтынсарин В Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада жеңімпазы. 5 Бауыржан Момышұлы Г Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған. 6 Құрманғазы Сағырбайұлы Ғ Қазақстан Республикасының әнұранының авторы. 7 Шәмші Қалдаяқов Д Қазақ - күй өнерінің атасы. 8 Әбілхан Қастеев Е Исатай бастаған көтеріліс көсемдерінің бірі. 9 Жақсылық Үшкемпіров Ж Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Жазылым. 3-тапсырма. Мәтіндердің бірін таңдап, жазба жұмысын орында. Эссе. «Қазақстандағы жануарлар әлемі». «Көксерек жабайы жануар болғандықтан адамдармен бір ортада тіршілік ете алмады».