БЖБ Қазақ тілі 4-тоқсан 2-нұсқа Сөйтсе, ол Абай екен. Жұмабай баланың бұл қылығына ашуланады. "Ұрылар жататын жерде мұндай жаман ырым бастауға болмайды". Абай біраз күлгеннен кейін Жұмабайдың Құнанбайға қадірі бар адам екенін есіне алып, оның үстіне әкесі өзі туралы теріс пікір естісе оңбайтынын түсініп, одан бұл әрекеті үшін кешірім сұрайды. Артынша үшеуі күліп-ойнап ауылға қарай жарыса шабады. Құнанбайдың ауылы бұл уақытта Көлқайнар деген суы мөлдір, мол бұлақты коныста жатқан еді. Ауыл тұрғындары үш аттыны алыстан таныды. Сөйтті де, шуласа кетті. ...Осы сәтте бұл маңға Абай мен Жиренше келеді. Жиренше — Абайдың досы. Олар Қарашоқыдағы жиын туралы аңшылықта жүріп, аяқ асты естіген. Ести сала осы маңға шауып келген. Мақсаттары Құнанбайдан араша сұрап, Қодар мен Қамқаны аман алып қалу болатын. Бірақ үлгермеді. Абай әкесінің қатыгездігін көріп, ауылына қарай шауып кетеді. Жол бойы ол ересектердің әрекеті туралы ойланып, ұзақ жылайды. Жиренше Абайға ілесе шығады. Ауылға жеткенде Ұлжан жас баланы үлкендердің жиынына апардың деп Жиреншені бір ұрысып алады. Осы оқиғадан кейін Абай ұзақ ауырады. Төсектен тұра алмай жатады. Бұл уақытта ол әжесінен көп жыр-дастан, ертегілер, елде болған түрлі оқиғаларды естиді. Арада бір айдай уақыт өткенде ғана Абай өз өзiне келе бастайды. Бұл кезде ел жайлауға көшіп келген еді. 1.Жақты сөйлем 2.Жақсыз сөйлем 3.Жалаң сөйлем 4.Жайылма сөйлем 5.Болымды сөйлем 6.Болымсыз сөйлем 7.Етістікті сөйлем 8.Есімді сөйлем

kokosik23 kokosik23    1   23.04.2022 22:06    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi