Буыршынның жалғыз қырқар азуы, Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы...- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).​

МахаХей МахаХей    2   19.10.2020 04:17    3

Ответы
marina22190 marina22190  18.11.2020 04:17

Өлең жолдарында кездесетін көркемдегіш тәсілдер:

1) Аллитерация кездеседі:

Буыршының жалғыз қырқар азуы.

Бөкеннің желіп өтер төрт саны. Бұғының ауыр қара мүйізі.

Бидайықтың жалғыз соғары,– деген жолдардың басында "Б" дыбысы қайталанып тұр.

Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Автор бұл әдіс арқылы әдеби тілді ажарлап,сөздің реңін келтіре түсті.

2) Өлеңде бірнеше эпитет бар:

Олар: жалғыз қырқар азуы,желіп өтер төрт саны,ауыр қара мүйізі,жалғыз соғары,ұзын құйрығы,Ақ Орданың.

Эпитет  – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын көркемдегіш тәсіл.Автор эпитет арқылы заттардың сипатын ерекшелеп тұр.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi