Буын неше түрге бөлінеді? Қырғауыл сөзінде неше буын бар?
Төмендегі сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
Қарлығаш, шағала, бозторғай, аққу, бірқазан, сұңқар, шымшық.
Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жаса.
Қой, ой, би, күй, ән.
Күрделі зат есімдердің астын сыз.
Біржан, Сарыөзек, Арқа, Балықты көл, Есіл, Амангелді.
Деректі және дерексіз зат есімдерге 5 мысал келтір.