Бостандық және жауапкершілік туралы эссе 20

Anastasia934 Anastasia934    3   22.08.2019 22:20    3

Ответы
вика3879 вика3879  05.10.2020 13:27

Бостандық және жауапкершілік.

Көбіне біз жауапкершілік деп өз мойнымызға біреудің өтінішін алу деп түсінеміз. Бұл тар пікір. Себебі жауапкершілік – әлдеқайда үлкен ұғым. Тіпті оның бостандыққа тікелей қатысы бар.

Мен үшін «бостандық» сөзі «әділеттілік», «даму» сөздерімен бір қатарда тұрады. Бостандық – бұл бағыныштылықтың жоқтығы. Бостандық дегеніміз – бұл еркіндік, дәлірек айтсақ, өзіңіз қателіктер жіберіп, олар үшін өзіңіз жауап бересіз. Адамның тәуелсіздігі – оның мықты, ақыл-санасының көрсеткіші. Бұл жетілген тұлғаның белгісі. Бостандық - бұл рұқсат ету не алу емес, ең алдымен жауапкершілік. Не үшін? Сіздің қадамдарыңыз, әрекеттеріңіз, ойларыңыз үшін тек өзінің ғана жауап бересіз. Тіпті өміріңіз үшін де.

Ал осы жеке адам еркіндігін мемлекет тәуелсіздігімен қатар қоя аламыз ба? Әлбетте. Бір ел егеменді болса, оның дамуы не керсінше құлдырауы халықтың қолында. Яғни, тікелей сол елдің халқы ел болашағы үшін жауапты. "Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана" деген екен Әлихан Бөкейханов. Расында да, егер біздің мемлекетімізде егемендіктің көк туы мәңгі желбіресін десек оның гүлденуіне өз үлесімізді қосу парызымыз деп білуіміз керек. Жан-жаққа жамырамай, жұдырықтай жиналып бір жауапкершілікті – тәуелсіз ел болуды арқалай алуымыз қажет.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi