Оралхан Бөкейдің барлық шығармаларында кездесетін тұрақты тақырып, ортақ желі бар. Ол – адам мен табиғат. Олардың ертеден туыстығын, тұтастығын жазушы тап басып тани біледі. Сүйсіне суреттеп, жарқыратып жазады. Оралханның көптің көкейіндегісін тап басып, айрықша сүйіспеншілікке бөленуі, атының алыс елдерге танылуы да осынау шығармашылық шеберлігінің жемісі. Көркемәдебиетте туған жер табиғатының, өзіндің із өрнек айшығын кестелеп қалдырған жазушының тағы бір ерекше шығармасы «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі.
Әңгіменің бірінші бөлім оқиғасы туған жер табиғатын суреттеуден басталады. «Шілденің ортасы болса да, бұл жер қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жаймашуақ сәтінде төбеңнен көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың...». Бұл суреттеу арқылы автордың балалық сүйкімді сезіммен табиғат тынысын тебірене тамашалайды.