Боранның қандац оүрлері бар​

AnaDanik AnaDanik    3   09.09.2020 22:56    0

Ответы
Nastya4816 Nastya4816  15.10.2020 19:27

Ала қаншық – бәсеңси, қайта ұйтқып соғатын боран.

Ала құйын – астан-кестең ұйтқыған боран.

Боранды жел – бұрқырай, ысқыра, ұйытқып соғады.

Борасын – қиыршықтап борайтын сырғыма боран.

Бұршақты боран – бұршақ аралас бүлдіргіш, ысқырықты жел.

Бұрқасын – қарды суырып, ұйтқыта соғар бұрқақ.

Сырма – сусымалы бұрқақ боран.

Жаяу боран – үрпек қарды үретін еспе боран.

Жаяу борасын – жаяу бораннан ақырынырақ соғады.

Жаяу бұрқасын – бәсең боран.

Тас боран – тас пен топырақты суырып соғатын қаһарлы жел.

Түтек – алай-түлей ызғарлы боран.

Көк дауыл – аязды қарлы боран. Ақ жорға, ақ дауыл да дейді. Күшті соқса – қарлы боран, ал баяу қарды үрлей соқса, ақ жорға атаған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi