Болымды жəне болымсыз етістік дегеніміз не? калай жасалады мысал келтір

Gulshatkadilshina Gulshatkadilshina    2   23.09.2019 21:50    1

Ответы
popovaadelina20 popovaadelina20  08.10.2020 13:26

Болымды және болымсыз етістік

Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді. Істің болғанын, болып жатқанын, не болатынын білдіретін етістіктің түрін болымды етістік дейміз. Мысалы: Мен сабақ оқыдым. Мен сабақ оқып отырмын. Мен сабақ оқымақпын.

Істің болмағанын я болмайтынын білдіретін етістіктің түрін болымсыз етістік дейміз. Етістіктің болымсыз түрі болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мұны жазған адамның өзін білме, сөзін біл дегендегі білме болымсыз етістігі-ме жұрнағы арқылы біл деген болымды етістіктен жасалған. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісіні ал дегенде алма болымсыз етістігі оның ал деген болымды түрінен ма жұрнағы арқылы жасалып тұр.

Болымсыз етістік — қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Ол етістіктің негізгі, туынды, күрделі түбірлеріне, етіс, күшейтпелі етістік тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыз түрін жасап қоймайды, болымдық мәнге қарама-қайшы болуы, оппозициялық сипаты және соған сәйкес грамматикалық жүйелі тұлғасы болу арқылы етістіктің болымсыздық категориясын жасайды. Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің, —ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -тін,- йтын,-йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес көмекші етістігі (құрамы: е көмекші етістікке -ме болымсыз етістік тұлғасы мен -с болымсыз есімшенің қосымшалары қосылған) тіркесіп жасалады. Болымсыз етістік етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс еңгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады:

1.Бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, тікелей жіктелмейді;

2.Сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады: рай, шақ, есімше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, көрісінше болмайды.

Болымсыз қосымшалары (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) етістік түбірлері және етістік түбірлерінің грамматика сипаты тән (тікелей жіктелмейтін, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келетін) етіс, күшейтпелі етістік сияқты тұлғалары мен рай, шақ, жақ тәрізді етістіктің таза грамматика категорияларының шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады (Ы.Маманов). Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т. б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән білдіреді, егер болымсыздық форма екі етістікке де әрі негізгі, әрі көмекші етістікке бірдей жалғанса, онда ол болымды мәнді білдіреді де әдеттегі болымдыдан өзгеше ерекше стильдік бояуы болады: айтпа-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi