Болашақтағы мектеп Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Дима: Алан, сен білесің бе, болашақта мектеп қандай болады?
Алан: Менің ойымша, болашақтағы мектеп кең және жарық болады. Оқушылар виртуалды сыныпта оқиды. Мысалы, сабақта Солтүстік полюс немесе тропиктің флорасы мен фаунасын тікелей көреді, зерттей алады. Немесе мұхит түбіне қонып, су асты әлемімен танысады. Мектепте электронды кітаптары бар кітапхана, виртуалды мұражайлар, фильм көруге болатын кинотеатр болады.
Дима: Қандай керемет! Болашақтағы мектепте оқушыларды виртуалды мұғалім оқытады. Оқушыларда кітаптардың орнына көпфункционалды гаджет болады. Оның электронды жадында барлық оқу-материалы сақталады.
Алан: Әр сыныптың өз роботы болады. Ол оқушыларды мектеп күнтізбесімен таныстырады. Ал мектеп асханасында робот-аспаз тамақ пісіреді. Робот-күзетші оқушылардың алақанын сканерлейді, оқушыны кір қолымен асханаға кіргізбейді.
Дима: Өте керемет, Алан! Мен келесі жылы сондай мектепте оқығым келеді.
Болашақтағы мектеп қандай?
Әр сыныптың роботы не істейді?
Робот-күзетші оқушыларды қайд кіргізбейді?
Артқа
Тексеру
тому кто ответит дам 5 звездачек и