Болашақта қандай мамандықтар пайда болады? Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Яғни, қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы әбден мүмкін.
2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 млн жоғары білімді маманға қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты.
Сонымен қатар аталған баяндамада сарапшылардың 48 пайызы болашақта робот техникасының дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша, бір робот мың адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеуі мүмкін.
2015 жылы Оксфорд университетінің ба Ричард Сасскинд пен Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» («The Future of the Professions») атты кітабы жарық көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған. Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін.
Түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
*Дамыған мемлекеттің халқы неден қорқады?
*Олар қауіптің алдын алу үшін қандай шараға қадам баспақ?
*Робототехниканың дамуының салдары бар ма? Қандай?
*Болашақ мамандар үшін жаңа технологиялардың қандай оң және теріс әсері болуы мүмкін?
Мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықтаңыз.
Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтаңыз, өз көзқарасыңыз қандай?
Мәтіндегі қосымша ақпаратты анықтаңыз..
Мәтін бойынша ойыңызды қорытындылаңыз.
2-тапсырма. Мәтінде қандай мәселелер көтерілді? Ол мәселелер бойынша сіздің көзқарасыңыз қандай?
3-тапсырма. Лексиканың түрлеріне 5 мысалдан келтіріп, кестені толтырыңыз:
Фразологизм
Омоним
Диалект
Эвфемизм, дисфемизм
Кәсіби сөз