Биылғы көктем салқын , жаңбырлы болды . Темірдің анасы экспедицияға жылдағысынан кешігіп аттанды . Бүл жер Темірге бұрыннан таныс . Былтыр анасымен Сəкіні осы өңірді зерттеген геологтер жасапты . Көз ұшында - малшылар қыстауы . Көктем шыға көшіп кетеді . Қыстаудың қасында құдық бар . Экспедиция суды Құмдағы құпия жалпақ сары төбенің басында сәкілі үш ағаш тұр .? сонан алады . Ол құдықты қазған да - геологтер . Соны есті . генде Темір : – Апа , геолог жақсы ма , ботаник жақсы ма ? – деп сұраған . — Екеуі де жақсы , – деген анасы , – геолог жер астындағы кен - байлықты іздеп табады . Ал ботаник жер бетіндегі өсім . діктерді зерттейді . Өсімдік болмаса , мал да , жан да , жан жануарлар да тіршілік ете алмайды . Ботаниктер сол өсім . діктерді қалай жақсы өсіруге болатынын зерттейді . Өсімдіктердің малға қажет екенін Темір біледі . Тіпті тас бақаның да шөпке жайылатынын осы жерде көрді . ... Биыл да Темір бір қызық оқиғаға тап болды . Ерте тұрып , анасымен бақылау алаңына бара жатқан . Алдарын дағы бұтаның түбінен бір бозторғай ұшып шықты да ұзап кетпей , қалықтап тұрып алды . - Осы маңда ұясы болуы керек , - деді анасы . Бұтаның түбін ашып қарап еді , шынында да , ұя бар екен . Селеудің үлпілдек шашағынан әдемілеп өріліп жа салыпты . Ішінде теңбіл - теңбіл үш жұмыртқа жатыр . Ұясы на төнген қауіпті сезген бозторғай шырылдап , ауық - ауық шүйлігіп - шүйлігіп кетеді . Құмда таңертең күн салқын болады . Күн жаңа шығып келе жатқан , ауа салқын . Соны ойлаған Темір : - Ұяға мақта төсеп , жылылап қойсақ , қайтеді ? – деді .- Онда барып , мақта әкел . Мен бақылау алаңына бара берейін . Өзің келерсің , – деді анасы . Міне , ғажап ! Мақта алып келсе , ұя да жоқ , жұмыртқа да жоқ . Әлгінде ғана шырылдап , шыж - быжы шығып жүрген бозторғай да көрінбейді . Оның сырын Темір кейін білді . Қауіп төнгенін сезген бозторғай ұясын басқа жерге көшіріп әкетіпті . Темір бұл сапардан табиғат кітабының тағы бір қызық бетін оқып қайтқандай болды . 1 Бозторғайдың ұясымен бірге жоғалуы туралы әңгіме
сурастырып, мәтінге жаңа сюжет енгізіңдер.​

Адай111111 Адай111111    2   01.02.2021 12:40    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi