(Биологическое разнообразие) — түрлердің белгілі бір аумақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әралуандылығы (әртүрлілігі). Қазіргі кезде әлемде 2,5 млн-дай түр белгілі, оның 74%-ы тропиктік белдеуде, 24%-ы қоңыржай аймақта болса, тек 2%-ы полярлық белдеуде тараған. Дегенмен, ғалымдардың болжауынша, бұл деректер әлі толық емес. Себебі майда жәндіктер түрлері олі толық анықталмаған. Түрлердің ішіндегі ең көп тарағаны — жәндіктер, олардың түрлері 1 млн-нан астам. Дегенмен соңғы жылдардағы әлемдік ғылыми-техникалық үдеудің нөтижесінде адам қоғамының табиғатқа зиянды әсерлерінің көбеюінен түрлер саны жыл сайын азаюда. Қазір дүние жүзінде жыл сайын 1-ден 10-ға дейінгі жануарлар түрі жойылады екен. Ескеретін жағдай, өсімдіктің бір түрінің жойылуы майда жәндіктердің бірнеше түрлерінің жойылуына апарып соғады. Бұл жағдай әлемдегі биологиялық тепе-теңдікті бұзып, көптеген экологиялық келеңсіздікке әкелуі мүмкін. Осыған орай бүкіл әлем қауымдастығы алаңдауда. 1.Мәтінді тыңдай отырып, тақырыпқа сай ғылыми терминдерді теріп жазыңыз.
2.Мәтінеде ғылыми деректер қалай берілген ?
Қай деректерді маңызы дер едіңіз ?