"Би шешендердын даналык ойларынын казыргы кездегы корынысы" деген такырыпка шыгарма керек соз

shamilvip66 shamilvip66    2   29.10.2020 08:36    1

Ответы
Luna013 Luna013  28.11.2020 08:37

Объяснение:

Жер дауына байланысты Орта жүзде Орманбет биге айтқан бір сөзінде Əйтеке: «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін», — деген.

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда тұрса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фəни бұл,

Баласы жоқта мият жоқ.

Бəрінен қиын сол екен,

Артында жанған шырақ жоқ... — деп, Əйтеке атынан айтылатын нақыл сөз де оның ойы терең, өмірден білген-түйгені мол өз заманының ақылгөйі екенін аңғартады. Қазақ би-шешендерінің елді басқарушылығы, қазылық-төрешілік, батагөйлігі, халықтарды біріктіруші-бітімгершілігі, тағы басқа сан салалы əлеуметтік қызметі арқылы сөз өнерінің мемлекеттік қолданысы қалыптасқан. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебеде қолданылуының Қазақ хандығы дəуіріндегі нығаюы да осы би-шешендер қызметінің мемлекеттік-құқықтық мəртебеде қолданылуымен, əсіресе Əз-Тəуке ханның тұсындағы би- шешендерге мемлекеттік билік берген тұста айрықша нығайды.

Би-шешендердің сөздері — халықтық тəлім-тəрбие құралы. Қазақ халқының отбасылық ортасынан бастап, ауыл-аймақпен, байтақ атамекендегі ағайын-туыстармен, көпшілікпен қарым- қатынас жасау мəдениетінің адамгершілік асыл қасиеттер аясында қалыптасуында би-шешендер сөздерінің ықпалы зор болды. Ата-ананы, аға-ініні, бірге туысқан үлкенді-кішілі қыздарды, жеңгені, келінді, нағашыны, жиенді, қайын жұртты, көршіні, ауылы аралас ағайынды, қандас халықтарды, бүкіл адамзатты — бəрін де құрметтеу мəселелері би-шешендер сөздерінде қамтылған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi