«би-шешендердің сөздері-халықтық тәлім-тәрбие құралы» деген тақырыпқа дәлелдемелік эссе (сөз саны-90) жазуға көмектесіңдерші.

lapkinalidala lapkinalidala    3   02.10.2019 20:20    79

Ответы
Horneter Horneter  09.10.2020 12:26

Дәлелдемелік эссе

Би-шешендердің сөздері - халықтық тәлім-тәрбие құралы.

Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген,кеңдігін де, елдігін де,кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғыза білген халық."Өнер алды - қызыл тіл" демекші,сөздердің ең асылы - шешендік сөз болған.Шешендік сөзбен шешімін таппас дауды шешіп қана қоймай,соғыста қарсыласты жеңген.Қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдеріне:Майқы би,Жиренше,Асанқайғы,Саққұлақ шешен,Ақтайлақ шешен,Төле, Қазыбек, Әйтеке билер және т.б. жатады.Осындай би-шешендерімізден қалған сөздерді халқымыз ауыздан-ауызға жеткізіп,тәрбие құралына айналдырған.Оған дәлел,Қазыбек бидің:

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт берекең атаң қымбат,

Асқар таудай әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Туып-өскен елің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат,-деген сөзінде үлкен тәрбие жатыр.Отанды,отбасыңды,елің мен ар-ұятыңды қастерлей біл дегісі келген.Халқымыздың әр би-шешеннің сөзінде баға жетпес даналық ойлар бар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi