Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын алатау - табиғаты әсем қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады, оның қазақ үшін орны бөлек. алатауды ән- күйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә… жер жәннаты жетісуға көрік беріп тұрған алатаудың қойнауы құтты - ауасы таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. шыңды-күзді тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде орман, аңғарында - шалғын. қойнауы құпияға толы алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың алатау аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.
жанр
стиль
тип текста